13 Окт 2025, Пн

Uncategorized

3000 ОҚУШЫ ҚАТЫСҚАН «ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП» ШЕРУІ ӨТТІ

Түркістан облысында оқушылар арасында құқықтық тәртіп пен қаржылық сауаттылықты насихаттауға бағытталған ерекше іс-шара өтті. Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің ұйымдастыруымен өткен “Заң және тәртіп” атты шеруге қала мектептерінің оқушылары белсенді қатысты.

«АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ БӘЙДІБЕК АУДАНЫНА АЯҚ БАСТЫ

Бәйдібек ауданының Шаян ауылында «Ауыл» партиясының өкілдері грант иегерлерімен кездесті. Кездесуде кәсіп ашуға қолдау алған азаматтардың жұмысының нәтижелері талқыланды. Жалпы жоба аясында сегіз тұрғынға 1 миллион теңгеден грант беріліп, өз кәсібін бастауға мүмкіндік алған. Мұндай қолдау ауыл халқының табысын арттырып, кәсіпкерлік белсенділікті күшейтуге бағытталған.

ҰСТАЗДАРҒА «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНАН МЕРЕЙЛІ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Ленгір қаласындағы аудандық мәдениет үйінде Төле би ауданының ұстаздар қауымын салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Бұл шараны «Ауыл» партиясы ұйымдастырып, үлгілі ұстаз еңбегін ұлықтауды басты мақсат етті.

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНДАРЫНА ТЕМІР ТҰЛПАР ТАБЫСТАЛДЫ

Түркістан облысының спортшылары биыл ерекше табысқа қол жеткізді. 2025 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша жерлестеріміз ел чемпионаттарында – 1060, Азия біріншіліктерінде – 109, ал әлем чемпионаттарында 79 медаль жеңіп алды. Осыған орай жеңімпаздардың бір тобына Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров құрмет көрсетіп, жаңа автокөліктің кілтін табыстады.

БАЛТАКӨЛ — БЕРЕКЕ МЕН БІРЛІКТІҢ БЕСІГІ

Отырар ауданына қарасты Балтакөл ауылының 60 жылдық мерейтойы ауыл тарихындағы айтулы әрі есте қаларлық оқиға ретінде аталып өтті. Таңы арайлы, түні тыныш мекенге айналған Балтакөлдің 60 жылдық ғұмыры – еңбектің, бірліктің, татулық пен тірліктің шежіресі іспеттес.

«БЕКЗАТ» ПРЕМЬЕРАСЫНА АРНАЛҒАН БАСПАСӨЗ ЖИЫНЫ ӨТТІ

Түркістан музыкалық драма театры жаңа маусымын олимпиада чемпионы Бекзат Саттархановтың өміріне арналған қойылыммен ашпақ. Премьера алдында театр ұжымы БАҚ өкілдерімен кездесіп, дайындық барысын таныстырды. Бекзат драмасы спортшының өмірі мен рухын сахнада жаңғыртатын ерекше туынды.

ТҮРКІСТАНДА АУЫЛ МӘДЕНИЕТІН ДАМЫТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖОБА ӨТУДЕ

Түркістан қаласында ауыл мәдениетін дамытуға бағытталған «Дәстүрлі ауыл мәдениетінің бастауы» облыстық байқауы басталды. Рухани құндылық пен халық шығармашылығының қайнар көзі саналатын ауыл мәдениетінің дамуына серпін беруді мақсат еткен бұл шараға облыстың барлық аудан-қалаларынан қатысушылар жиналды.

КЕНТАУДАҒЫ ӨНЕР МЕКТЕБІ – ЖАС ТАЛАНТТАР ОРДАСЫ

Кентау қаласында саз мектебінде балаларға түрлі музыкалық аспаптарды үйретуде. Олардың қатарында фортепиано, домбыра, қобыз және гитара бар. Оқушылардың өнерге деген қызығушылығы артып келеді. Кентау қаласының әкімдігі де бұл бағытқа қолдау көрсетуде.

КЕНТАУ ОҚУШЫЛАРЫНА СУРЕТ ӨНЕРІ ДӘРІПТЕЛУДЕ

Кентау қаласындағы өнер мектебінде оқушылар сурет өнерін меңгеруде. Балалар өз қиялын қағазға түсіріп, шығармашылықпен айналысып келеді. Сондай ақ Кентау қаласының әкімдігі жас суретшілерге қолдау көрсетуде.