15 Ноя 2026, Вс

Uncategorized

ТҮРКІСТАНДА ТҰҢҒЫШ РЕТ ИНКЛЮЗИВТІ БАҒЫТТАҒЫ ТЕАТРЫ АШЫЛДЫ

Түркістанда инклюзивті бағыттағы арнайы «Дара ұрпақ» театры ашылды. Ашылу салтанатына ерекше мүмкіндіктері бар азаматтар қатысып, театр сахнасында жаңа мюзиклдің премьерасы көрсетілді. Бұл театр жасөспірімдер мен балаларға ерекше мүмкіндіктерді дамытуға арналған жаңа мәдени алаң болып саналады.

БӘЙДІБЕКТЕ ЖАҢА СПОРТ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ

Түркістан облысының Бәйдібек ауданында Ақпастау елді мекенінде жаңа спорт кешені пайдалануға берілді. Аудан әкімінің міндетін атқарушы Бақыт Қырғызалиев ауыл тұрғындарын жаңа спорт нысанының ашылуымен құттықтады.

ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА ЗАУЫТТЫҢ ІРГЕСІ ҚАЛАНДЫ

Түркістан қаласындағы индустриалды аймақта биологиялық ыдырайтын бір реттік қаптама шығаратын жаңа зауыт іргесі қаланды. Жобаның жалпы инвестициясы 1,5 миллиард теңгені құрайды және ол өңір экономикасына жаңа серпін бермек.

«МУЗАРТ» ПРЕМЬЕРАСЫ ҚАРСАНЫНДА БАСПАСӨЗ МӘСЛИХАТЫ ӨТТІ

Түркістанда театр сахнасында ерекше оқиға өтті. Премьера қарсаңында «Музарт»спектакльібаспасөз конференциясы ұйымдастырылды. Шараға актерлер мен идея авторлары, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысып, қойылымның мазмұны мен негізгі идеялары туралы өз ойларын білдірді.

ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН ҚҰҚЫҚТЫҚ ТҮСІНДІРМЕ ШАРАСЫ ӨТТІ

Түркістан қаласында мәдениет және құқықтық тәрбие бағытында маңызды іс-шара ұйымдастырылды. Заң мен тәртіп қағидаттары аясында өткен жиынға мектеп оқушылары мен жастар қатысты. Шараның негізгі мақсаты – жас ұрпаққа құқықтық мәдениетті түсіндіру және заңға құрмет сезімін қалыптастыру.

КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚАЛАЙ ҚОРҒАЛАДЫ

Түркістан өңірінде кәсіпкерлікті қолдау және инвестицияға кепілдік беру бағытындағы жұмыстар жаңа серпін алып келеді. Өңір әкімдігі отандық және шетелдік инвесторлар үшін қолайлы әрі қауіпсіз инвестициялық орта қалыптастыруды басты міндеттердің бірі ретінде қарастырып отыр.