21 Окт 2025, Вт

Uncategorized

БАСКЕТБОЛДАН АШЫҚ БІРІНШІЛІК БАСТАЛДЫ

Түркістан қаласында Абайдың 180 жылдығына орай 3х3 баскетболдан жасөспірімдер арасындағы ашық біріншілік басталды. Балуан Шолақ спорт кешенінде өткен жарысқа еліміздің бірнеше өңірінен және көршілес мемлекеттерден командалар жиналды. Турнир U-12, U-14 және U-16 жас санаттарында өтіп, жас спортшылардың шеберлігін шыңдап, достық байланыстарды нығайтуға бағытталған.

АБАЙ АПТАЛЫҒЫНЫҢ ЖАБЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ

Түркістандағы Жібек жолы саябағында руханият пен өнер тоғысқан ерекше кеш өтті. Ыбырай Алтынсарин атындағы облыстық кітапхана Абай апталығының жабылу салтанатын ұйымдастырды. Ақын мұрасын дәріптеген мерекелік басқосуда тұрғындар мен қонақтар ортақ рухани кеңістікте жүздесті.

ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА ФИТНЕС ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Түркістан қаласында заман талабына сай жаңа «A.B.L.» фитнес орталығы ашылды. Қуанышты сәтке облыс әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, тұрғындарды құттықтады. Бұл — өңірдегі спорт инфрақұрылымының дамуына қосылған маңызды үлес.

«АБАЙ ОҚУЛАРЫ» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Түркістан қаласындағы «Фараб әмбебап ғылыми кітапханасында» қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушысы, ойшылы – Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай «Абай оқулары» көркемсөз оқу шеберлігінің облыстық байқауы өтті. Шараны Түркістан облысы мәдениет басқармасы ұйымдастырды.

АБАЙ ЕСКЕРТКІШІНЕ ГҮЛ ШОҚТАРЫ ҚОЙЫЛЫП, РУХАНИ МҰРАЛАРЫ НАСИХАТТАЛДЫ

Биыл қазақтың ұлы ойшылы, ақыны Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толып отыр. Осы айтулы мерекеге және «Абай күніне» орай Түркістанда рухани мәні бар іс-шара өтті. Түркістан облысының әкімі мен ардагерлер, зиялы қауым өкілдері ұлы ақынның мұраларын насихаттады. Атап айтқанда, облыс әкімі Нұралхан Көшеров, Облыстық ардегерлер кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов, еңбек ардагері Жарқынбек Құлбайымбетов, Облыстық полиция департаментінің басшысы Мұрат Қабденов Түркістандағы Абайдың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

ПЕДАГОГ МАМАНДАРҒА АРНАЛҒАН СЕМИНАР ТРЕНИНГ ӨТТІ

Түркістан облысы білім басқармасының «Түркістан облысының психологиялық қолдау орталығы» жанынан құрылған білім беру ұйымдарында профилактикалық бағдарламаларды енгізу жөніндегі жобалық кеңсе жұмысы аясында семинар-тренингі ұйымдастырылды.Семинар атауы «Суицидтік мінез-құлық бойынша оқушыларды қолдау! Аталған шара Түркістан қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің базасында өтті.

ШАРДАРАНЫҢ БАРЛЫҚ ШАҒЫНАУДАНДАРЫНА СУ ЖІБЕРІЛДІ

Шардара» су қоймасындағы су деңгейінің төмендеуіне байланысты су жеткізу мәселесі туындаған болатын. Осыған орай облыс әкімінің тапсырмасымен жедел штаб құрылып, іс-қимыл алгоритмі бекітілген. Бас су торабының І көтеріліміндегі сорғыға қажетті су жетпеуіне байланысты қосымша су айдағыш насос орнатылып, су құбыры іске қосылды.

ТҮРКІСТАНДА XII АЗАМАТТЫҚ ФОРУМ ӨТТІ

Түркістанда азаматтық қоғам өкілдері XII өңірлік форумында бас қосты. Жиында әлеуметтік жауапкершілік пен қоғамдық белсенділікті арттыру жолдары талқыланды. Форум жұмысы бірнеше панельдік сессиялармен жалғасуда.