Түркістан облысында жаңа Салық кодексінің жобасы таныстырылды. Көшпелі семинарға ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері мен өңір кәсіпкерлері қатысты. Жиында 2026 жылдан бастап қолданысқа енетін негізгі өзгерістер талқыланды.
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен жұмыс мәжілісінде өңірдегі кеден бекеттерінің тиімділігін арттыру мәселелері жан-жақты қаралды. Жиынға салаға жауапты басшылар қатысты.
Түркістан қаласында инфрақұрылым саласы қарқынды дамып келеді. Биылдың өзінде 159 көшеге жөндеу жұмыстары жоспарланып, соның 79-ы аяқталып, пайдалануға берілді. Облыс әкімі құрылыс барысымен танысып, мердігерлерге нақты тапсырмалар жүктеді.
Түркістан қаласында белгілі журналист, шахмат жанашыры Жарылқасын Саменұлын еске алу турнирі өтті. Оны Қазақстан шахмат федерациясының өңірлік директоры Саян Жарылқасынұлы ұйымдастырды. Шараға облыстық спорт басқармасының өкілдері, ағайын-туыстары мен жас спортшылар қатысты.
Қыстың суық күндері пеш жағу кезінде өрттің шығу қаупі артады. Әсіресе пештің қызып кетуі мен бақылаусыз қалдырылуы қайғылы жағдайға себеп болуы мүмкін. Осыған байланысты Түркістан облысының төтенше жағдайлар департаменті тұрғын үйлерді аралап, алдын алу жұмыстарын жүргізді.
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жұмыс сапарымен Сауран ауданына барып, аймақ активімен кездесті. Жиында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен алдағы жоспарлар сөз болды.
Түркістан облысы әкімдігі мен «Alpha Sky» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Құжат облыстағы көлік-логистика саласын дамытып, әуе қатынасының әлеуетін арттыруды көздейді.
Қазақстан Конституциясының 30 жылдығына орай Түркістанда кезекті рет тұрғындарды қабылдау шарасы өтуде. Бүгінгі қабылдау Жеңіс саябағында ұйымдастырылды. «Заң және тәртіп» қағидасына негізделген кездесуде азаматтар өздерінің құқықтық мәселелерін көтеріп, мамандардан нақты жауап алды.
Орал қаласында «AUYL FEST» «Қой шаруашылығы – 2025» тұңғыш Халықаралық форумы өтті. Бұл ауыл шаруашылығы саласындағы маңызды оқиғалардың бірі. Форумның ашылу салтанатына Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев арнайы қатысты. Сондай-ақ, ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин және министрліктерден өкілдер келді.
Түркістан облысында жаңа оқу жылы қарсаңында педагог-психологтарға арналған тамыз кеңесі ұйымдастырылды. Жиын «Білім келешегі: адал азамат – кәсіби маман» тақырыбында өтті. Кеңестің негізгі мақсаты – психологиялық қызметтің рөлін күшейтіп, оқушылардың тұлғалық дамуы мен кәсіби бағдарын жетілдіру болды.