14 Окт 2025, Вт

Uncategorized

ҚАЛА ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ ДАМУЫ БАСТЫ НАЗАРДА

Түркістан қаласында тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету және инфрақұрылым жүйесін дамыту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Осы мақсатта облыс әкімінің аппаратының басшысы Еркебұлан Дауылбаев қаладағы әлеуметтік нысандарды, тұрғын үйлерді және жол құрылыстарының барысын аралап, мердігерлермен кездесті.

ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮРДІ ҰЛЫҚТАҒАН ҮЙІРМЕ

Түркістан қаласындағы №34 жалпы білім беретін мектеп – заманауи білім ордаларының жарқын үлгісі. 2025 жылдың қаңтар айында есігін айқара ашқан бұл жаңа мектеп «Келешек мектеп» ұлттық жобасы аясында бой көтерді. Оқу орны 1200 оқушыға арналған. Қазіргі таңда мұнда 90-ға жуық тәжірибелі педагог еңбек етіп, 1100-ден астам бала сапалы білім мен саналы тәрбие алуда.

ТҮРКІСТАНДА ӘДІЛДІК ПЕН АДАЛДЫҚТЫ ДӘРІПТЕГЕН ШАХМАТ ТУРНИРІ ӨТТІ

Бүгін қасиетті Түркістан төрінде ерекше мәртебеге ие шара – «Жемқорлықсыз болашақ» ұранымен шахматтан жасөспірімдер арасындағы ашық турнир өз жалауын көтерді. Бұл дода ой жүйріктерін жинап қана қоймай, әділдік пен адалдық құндылықтарын дәріптеуге бағытталған.

ЖЕРГІЛІКТІ ӘСКЕРИ БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫ КҮНІ АТАЛЫП ӨТІЛДІ

Бүгін Түркістан қаласында 12 қыркүйек – «Жергілікті әскери басқару органдары күніне» арналған салтанатты іс-шара өтті. Бұл мереке Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығымен 2022 жылдан бастап ресми түрде бекітілген.

БЛОГЕРЛЕРДІҢ БЫЛЫҒЫ БАҚЫЛАУДА

Қазақстанда әлеуметтік желілерде заңсыз онлайн ойындар мен алаяқтық ұтыс ойындарын жарнамалайтын блогерлердің әрекеті әлі де өзекті мәселе болып отыр. Қаржы мониторингі агенттігінің дерегінше, биылдың өзінде отыздан астам танымал блогерге қатысты әкімшілік істер қозғалған. Олар Instagram, Telegram және TikTok секілді платформаларда шетелдік онлайн-казиноларды жарнамалап, заңсыз қаржылық схемаларды насихаттаған.

ИНДУСТРИАЛДЫ ПАРКТІҢ ІРГЕТАСЫ ҚАЛАНДЫ

Түркістан облысында өңдеу өнеркәсібін дамытуға бағытталған жаңа қадам жасалды. Мақтаарал ауданындағы «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығы аумағында индустриалды парктің іргетасы қаланды. Жобаның жалпы құны 123 миллиард теңге болса, 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

FARAB КІТАПХАНАСЫНА АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕГІ КІТАПТАР ТАРТУ ЕТІЛДІ

Түркістандағы Farab әмбебап ғылыми кітапханасына АҚШ-тың Алматыдағы Бас консулдығы ағылшын тіліндегі 72 кітап сыйға тартты. Шараға арнайы келген Бас консул Мишель Еркін ханым құнды әдебиеттерді өз қолымен табыстады. Бұл қадам — екі ел арасындағы мәдени және білім саласындағы ынтымақтастықты арттыруға бағытталды.

КЕНТАУ ПОЛИТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ ӨНДІРІСКЕ ҚАЖЕТ МАМАНДАР ДАЙЫНДАУДА

Кентау қаласындағы политехникалық колледж – өңірдегі техникалық мамандар даярлауда алдыңғы қатарлы оқу орындарының бірі. 2011 жылы Кентау трансформатор зауытының негізінде құрылған білім ордасы бүгінде «Alageum Electric» компаниясының құрылымдық бөлігіне айналған.