Түркістан жаңалықтары
МҰХТАР ШАХАНОВТЫ АҚТЫҚ САПАРҒА ШЫҒАРЫП САЛДЫ
Түркістан облысында қалың ел қазақтың көрнекті ақыны, қоғам қайраткері, Қазақстанның Халық жазушысы Мұхтар Шахановты ақтық сапарға шығарып салды. Қаралы жиын Отырар ауданында өтті. Ақынмен қоштасуға еліміздің түкпір-түкпірінен зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар мен қоғам қайраткерлері жиналып, оның рухына тағзым етті.
ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІ – БАСТЫ НАЗАРДА
Түркістан қаласында жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға бағытталған кезекті акция өтті. Іс-шара қала прокуратурасы мен полиция қызметкерлерінің бірлесуімен ұйымдастырылып, жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталды.Толығырақ алдағы бейнесюжетте.
ҰЛТТЫҚ КІТАП КҮНІ – РУХАНИ ДАМУ КҮНІ
Ұлттық кітап күніне орай кітап пен руханият тақырыбын сөз етеміз. Кітап – адам баласының ой-өрісін кеңейтетін, білім мен тәрбиенің негізгі көзі ғана емес, сонымен қатар тұлғаның ішкі мәдениетін қалыптастыратын маңызды құрал.Толығырақ тілшіміз тарқатсын.
ЖАЛДАМАЛЫ ӨМІР: ТАҢДАУ МА, МӘЖБҮРЛІК ПЕ?
Соңғы уақытта жалдамалы баспана нарығы қыза түсті. Түркістанда пәтер бағасы ай сайын өсіп, тұрғындар үшін қолжетімділік мәселесі өзекті бола бастады.Толығырақ алдағы сюжетте.
ТАТУЛЫҚ ПЕН КЕЛІСІМ – ТҰРАҚТЫЛЫҚ КЕПІЛІ
Түркістан қаласында татулық пен келісімді нығайтуға бағытталған маңызды басқосу өтті. Шара барысында қоғамдағы өзара түсіністік пен тұрақтылықты арттыру жолдары талқыланды.
ТАБИҒАТ АЯСЫНДАҒЫ ДЕМАЛЫС
Соңғы жылдары жастардың демалысқа деген көзқарасы өзгеріп келеді. Қаладағы қарбаластан алыстап, табиғат аясында серуендеу, тауға шығу және белсенді демалыс түрлерін таңдау жиілеген. Мамандар мұны салауатты өмір салтына деген қызығушылықтың артуымен байланыстырады.
ӘСКЕР – ЕР ЖІГІТТІҢ ШЫҢДАЛУ МЕКТЕБІ
Әскерге бару – әр жігіттің өміріндегі маңызды кезеңдердің бірі. Бірақ бүгінгі таңда бұл тақырып әркімде әртүрлі ой тудырады: бірі дайын, бірі күмәнданады. Ал ата-аналар үшін бұл – толғаныс пен сенімнің арасындағы таңдау.Толығырақ тілшіміз тарқатады.
ЕРЛІК ПЕН БІРЛІК – ҰРПАҚҚА ҮЛГІ
Түркістан қаласында Ерлік пен бірлік – заң мен тәртіптің тірегі атты кең ауқымды акция ұйымдастырылып, «Таза Қазақстан» аллеясының іргетасы қаланды. Толығырақ тілшіміз тарқатады.
ЖАҢА ҚОНЫС – 2026
Түркістан қаласында «Жаңа қоныс – 2026» өңіраралық қоныс аудару жәрмеңкесі өтті. Іс-шара жұмыс күші артық оңтүстік өңір тұрғындарын солтүстік аймақтарға ерікті түрде көшіруді көздейді. Жәрмеңкеге еліміздің бірқатар облыстарынан келген өкілдер қатысып, тұрғындарға жан-жақты ақпарат берді.
