Түркістан облысында қалың ел қазақтың көрнекті ақыны, қоғам қайраткері, Қазақстанның Халық жазушысы Мұхтар Шахановты ақтық сапарға шығарып салды. Қаралы жиын Отырар ауданында өтті. Ақынмен қоштасуға еліміздің түкпір-түкпірінен зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар мен қоғам қайраткерлері жиналып, оның рухына тағзым етті.

