15 Ноя 2026, Вс

Түркістан жаңалықтары

КІТАП – РУХАНИ ТӘРБИЕ КІЛТІ

23 сәуір – Ұлттық кітап күні мерекесіне орай Түркістан қаласында «Балалар әдебиеті – рухани тәрбие бастауы» тақырыбында ауқымды мерекелік іс-шара өтті. Бұл күн – кітаптың қоғамдағы маңызын арттырып, жас ұрпақты білім мен руханиятқа баулуға бағытталған ерекше дата.Толығырақ алдағы бейнесюжетте.

ЕР ЕСІМІ – ЕЛ ЖАДЫНДА

Түркістан қаласының мәдениет үйінде Сидней Олимпиадасының жеңімпазы, қазақтың қайсар батыры Бекзат Саттархановтың рухына арналған «Ұлт батыры – Ер Бекзат» атты мәдени-танымдық кеш өтті. Жиынға ардагерлер мен оқушылар қатысып, Бекзат Саттархановтың ерлік жолын еске алып, тағылымды кештің куәсі болды.

ЯСАУИ МҰРАСЫ – ҰРПАҚҚА АМАНАТ

Түркістан төрінде руханият пен білім тоғысқан тағылымды байқау өтпек. Жас қатысушылар Қожа Ахмет Ясауидің терең хикметтерін талдап, рухани мұраны жаңаша көзқараспен зерделеуге мүмкіндік алды.Толығырақ тілшіміз тарқатсын.

БАҚЫТТЫ БАЛА- БЕЙБІТ ЕЛ ТІРЕГІ

Түркістандағы Оқушылар сарайында Түркия Республикасының Ұлттық егемендік және балаларды қорғау күніне арналған мерекелік шарасы ұйымдастырылды. «Бақытты бала – бейбіт елдің тірегі» тақырыбындағы іс-шарада балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйланды.

ИММУНДАУ АПТАЛЫҒЫ ӨТУДЕ

19-25 сәуір аралығында Ясауи клиникалық — диагностикалық орталығында Еуропалық иммундау апталығы өтуде. Дәрігерлер әр адамға жеке кеңес беріп, денсаулығына қарай тиісті екпелерді салып, жұқпалы аурулардың алдын алу шараларын түсіндіреді. Толығырақ тілшіміз тарқатады.