Халыққа әлеуметтік қызмет көрсету «Тең қоғам» КММ жанашырлық пен жауапкершілікті үйлестіре отырып, әрбір отбасына ерекше назар аударады. Әсіресе, мүмкіндігі шектеулі баланы бағып-қағып отырған ата-аналарға көрсетілетін әлеуметтік көмек – бұл орталықтың күнделікті міндеті ғана емес, адами миссиясы.
Қоғамда мүгедектігі бар азаматтарды жұмыспен қамту – әлеуметтік саясаттың маңызды басымдығы. Мемлекет осы санаттағы жандарға жан-жақты қолдау көрсетіп, олардың еңбек нарығына бейімделуіне мүмкіндік жасап келеді. Бұл бағытта Отырар аудандық Мансап орталығы тарапынан нақты әрі жүйелі шаралар қолға алынған. Сол қолдаудың нәтижесін сезінген жандардың бірі — Самат Шарап. Ол — мүгедектігі бар азамат. Өмірінің бір кезеңінде денсаулығына байланысты қиындыққа тап болып, тұрақты табыс көзінен айырылған. Біраз уақыт бойы жұмыссыз жүрген ол үмітін үзбей, өздігінен аудандық Мансап орталығына барып, жұмысқа орналасуға өтініш білдіреді.
Қазығұрт ауданында әлеуметтік қолдауға мұқтаж азаматтар назардан тыс қалмайды. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тарапынан жүргізіліп жатқан кешенді жұмыстардың арқасында мүгедектігі бар адамдар мен олардың отбасылары жан-жақты қолдауға ие болып отыр.
Ордабасы ауданындағы Мансап орталығы — өмірін қайта бастағысы келетін, өз ісін ашып, алға жылжуға ұмтылған жандар үшін нақты қолдау көрсететін мекеме. Сол қолдаудың шынайы нәтижесін Шалданбаева Гүлжамалдың кәсібінен анық байқауға болады.
Қазығұрт ауданында мүгедектігі бар азаматтарға көрсетілетін мемлекеттік қолдау – нақты тағдырлар арқылы айқындалып отыр. Соның жарқын мысалы – І топтағы мүгедектігіне қарамастан, балаларға ән үйретіп, мәдениетке үлес қосып жүрген Қазығұрт ауданының тұрғыны Рүстем Кенжеұлы. Ол — тек өнер иесі емес, өмірге деген жігердің символы.
Ордабасы ауданындағы Мансап орталығы – жаңа бастамалар мен жарқын идеялардың ордасы. Бұл орталық талай жанға бағыт-бағдар беріп, өз кәсібін ашуға мүмкіндік сыйлап келеді. Солардың бірі – массаж маманы Айнұр Жөргенбай.
Қазығұрт ауданында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету жүйесі белсенді жұмыс істеп келеді. Жасы келген қариялар мен мүгедектігі бар азаматтарға арнайы қызметкерлер бекітіліп, үй жағдайында жан-жақты көмек көрсетілуде. Бұл — қоғамның әр мүшесі назардан тыс қалмай, қамқорлық аясында екенін көрсететін нақты мысал. Мамандардың міндеті – тек тұрмыстық көмек емес, шынайы жан жылуы мен адамгершілікке негізделген қолдау көрсету.
Қоғамда әрбір жанның өз орнын табуы — үлкен жетістік. Әсіресе бойында төзім мен табандылық бар жандар үшін. Осындай қайсар мінездің иесі — Закира Иманберді.
Ордабасы ауданындағы Мансап орталығы — тек кәсіби бағыт көрсетіп қана қоймай, адамға өзіне деген сенім ұялата алатын бірден-бір мекеме. Бұл орталық арқылы өз орнын тапқан жандардың бірі — Оразкүл Төребай.
Қазығұрт ауданында әлеуметтік қызметтерді үй жағдайында көрсету жүйесі жолға қойылған. Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы қазіргі таңда мүгедектігі бар азаматтарға, жалғызілікті қарияларға және ерекше күтімді қажет ететін жандарға кешенді қолдау ұсынып келеді.