TurkicSkills-2025 чемпионаты өз мәресіне жетті. Ақтау қаласында өткен халықаралық додаға елімізден бөлек Түркия, Әзербайджан, Мажарстан, Өзбекстан және Қызрғызстаннан 100-ге жуық студенттер мен жас мамандар қатысты. Қазақстан қүрамасы осы жарыста 6 алтын алды. Олардың бірі қызылордалық — Жансая Абдуллаева. Түркітілдес елдер арасында үздік атанып, алтын таққан жас маманды воказалдан жора-жолдастары мен әріптестері күтіп алды.
Қызылорданың Өнер орталығында әнші композитор Елена Әбдіхалықованың шығармашылық кеші өтті. “Сағыныш ғұмыр” атты шығармашылық кешке аймақ басшысы қатысып, қонақ болды. КТМ: Концертте Елена Әбдіхалықова белгілі әнші Жұбаныш Жексенұлымен бірге симфония оркестрінің сүйемелдеуімен «Біргемін мен сендермен», «Есіңе мені алғайсың», тағы басқа танымал әндерін орындады.
В Центре искусств города Кызылорды прошел творческий вечер певицы и композитора Елены Абдихалыковой. Глава региона принял участие и был гостем на творческом вечере под названием «Сағыныш ғұмыр» .
Қызылорда медицина колледжінде денсаулық сақтау ісінің үздіктерін еске алуға арналған спорттық турнир өтті. Медицина саласына өлшеусіз үлес қосқан Тынымқұлов Еркін Ерболатұлы мен Ізбасаров Жақсыбай Ізбасарұлын ұлықтауға 9 колледжен студенттер келді. Олар спорттың шағын футбол, волейбол және шахматтан түрлерінен өзара сайысқа түсті. Шараға Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасы, дене тәрбиесі және спорт басқармасы, медицина ардагерлері, ұстаздар, студенттер мен ардагер дәрігерлердің әулеті қатысты.
Кәсіпкерлік жол — табандылық пен жауапкершілікті талап етеді. Ал оны заман талабына сай дамытып келе жатқан кәсіпкер әйелдер — нағыз еңбекқорлықтың үлгісі. Қызылордалық кәсіпкер Венера Нартайқызы осыдан 20 жыл бұрын кәсіппен айналысып бастаған. Кәсіпкерліктің сара жолында жүрген нәзік жанды жарнама бизнесін ашып, бүгінде өңірдегі беделді агенттік деңгейіне көтерген.
Оқушылар сарайы — бала өрбіту мен практикалық білімнің тоғысқан ошағы. Қазір мұнда 700-ден аса бала оқып, қосымша білім алуда. Үйірмелер үш басты бағытқа бөлінеді: техникалық шығармашылық бөлімі, көркем-эстетикалық өнер бөлімі және жаратылыстану бөлімі.
Қызылорда облысында кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстары толық аяқталды. Зиянкес жәндікке қарсы дәрілеу шаралары қолайсыз елді мекендердегі буферлік пен санитарлық қорғаныс аймақтарын қамтыды. Айта кетейік, өңірде барлығы 111 елді мекен қолайсыз деп есепке алынған. СЭС мамандары адамдарға күзгі мезгілде де кенеден абай болуға шақырады. Себебі зиянкестертерден салқын күндері де қауіп бар екен. Сақтану шаралары қандай? Тілшіміз анықтап көрді.
Жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру – мемлекет пен қоғамның тұрақты дамуының маңызды тетігі. Осы орайда, Қызылорда облыстық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Заң мен тәртіп» атты ақпараттық-түсіндірме кездесуі өткізілді.
Қызылордада түркі халықтарының рухани бірлігін дәріптейтін айтулы мәдени шара – халықаралық «Қорқыт және Ұлы Дала сазы» фольклорлық-музыкалық өнер фестивалі өтуде. Биыл жетінші мәрте ұйымдастырылып отырған фестиваль Қызылорданың астана болғанына 100 жыл толуына орайластырылған.
Соңғы жылдары біздің облыс білім беру инфрақұрылымын жүйелі түрде жетілдіруге баса назар аударуда. Мысалы, өткен жылы 13 жаңа білім беру ғимараты пайдалануға берілді. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 10 мектеп салу жоспарланып, бүгінгі күні 3 000 орындық 6 мектеп ашылды, ал қалғандары да жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Сонымен қатар, физика-математика мектеп-интернаты, облыстық музыкалық колледждің жаңа ғимараты және оқушылар сарайлары мен өнер мектептері салынып жатыр.