24 жылдық тарихы бар Қызылорда қаласындағы “Абылай хан” атындағы жоғары колледжі – өңірдегі көпсалалы білім беретін іргелі оқу орындарының бірі. Колледж құрылған күннен бастап техникалық және кәсіптік білім жүйесінде өзіндік орнын қалыптастырып, түрлі салаларға білікті мамандар даярлап келеді. Солардың бірі Қызылордалық жас маман Алматбек Амангелдиев – “Абылай хан” атындағы жоғары колледжінің үздік түлектерінің бірі.
Жедел респираторлы вирусты инфекцияға шалдыққандар азайып келеді. Қызылордада эпидемиологиялық маусым басталғалы бері инфекцияға 8807 адам шалдыққан. СЭС мамандарының пайымынша өткен жылмен салыстырғанда аурушаңдық көрсеткіші 37,8 пайызға төмендеген. Барлық емханаларда халықты тұмаудан қорғаудың жалғыз және тиімді әдісі ретінде тұмауға қарсы вакцинациялау жүріп жатыр. Екпе жұмыстары кімдерге тегін көрсетіледі? Келесі сюжеттен көрейік.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Су мәселесін шешу – әлеуметтік тұрақтылықты сақтап, экономиканы дамытудың кепілі. Бұл – ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін басты фактордың бірі», – деп атап өткен болатын. Осыған орай бүгін Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжінің оқу базасында студенттермен «Су ресурстарын тиімді пайдалану және қорғау» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды.
Қызылорда қаласы үшін биылғы жыл мерейлі болып отыр. Себебі осыдан жүз жыл бұрын ел астанасы Орынбордан Ақмешітке ауысқан еді. Үстіміздегі жылы шаһарда осы датаға байланысты әр түрлі шаралар өтіп жатыр. Сонын бірі бүгін Достық үйінде бастау алды. Қызылорда еліміздің астана болғанына 100 жыл толуына орай өңірде «Дәуірлер тоғысындағы Сыр өңірі: тарих және тағылым» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Керім Сұлу Қызылорданың ұлттық брендін қалыптастырып отырған тігін цехы. 2017 жылы шағын үй жағдайында басталған кәсіп бүгінде аймақ қана емес, халықаралық деңгейге шыққан өндіріс ошағына айналды. 2019 жылы мемлекеттік бағдарламаның қолдауымен кәсіпкер Жанар Прекеева жеңілдетілген несие алып, тігін ісін кеңейтуге мүмкіндік тапты. Ал 2024 жылы қайтарымсыз грант иегері атанып, заманауи техникалар сатып алды. Соның арқасында өнім көлемі артып, сапасы жаңа деңгейге көтерілді.
Даму қолдауындағы табысты кәсіптің бірі «Іңкәр-7» ЖШС студенттерге арналған жатақханасы. Қызылордадағы әлеуметтік маңызы бар жоба студенттерді жайлы тұрғын үймен қамтамасыз етуге және өңірдің білім беру инфрақұрылымын дамытуды көздейді. Толығырақ келесі бейнематериалда.
Даму қорының қолдауы арқылы бизнесін өрлетіп отырған кәсіпорындардың бірі «Марал-Нұр» ЖШС. «Марал-Нұр» ЖШС Қызылорда облысындағы теміржол жолаушылар тасымалы саласындағы жетекші кәсіпорындардың бірі. Компания Қазақстан Республикасының аумағында әлеуметтік маңызы бар бағыттар бойынша сапалы қызмет көрсетіп келеді.
«Даму» Қоры — ұлттық даму институты. Қор Қазақстанның барлық өңірлеріндегі шағын және орта бизнестің сапалы дамуына жәрдемдеседі. Бұл – экономикаға айтарлықтай серпін береді. Даму қоры өкілдерінің ұйымдастыруымен өткен ақпараттық тур барысында қордан қолдау көрген Қызылорда облысы Жалағаш ауданындағы «Агрохимсервис-С» ЖШС-нің жұмысы таныстырылды. Толығырақ әріптесімнің бейнематериалында.
Мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру, тілдерді дамыту бағытында нәтижелі жұмыстар жүргізіліп келеді. Бұл жайында Қызылорда қаласында өткен «Көрнекі ақпарат мәселелері» атты республикалық семинарда сөз етілді. Облыстық қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен өткен іс-шараға Алматы қаласынан арнайы қонақтар келді. Одан бөлек семинарға филолог ғалымдар, тілдерді оқыту орталығының қызметкерлері мен жарнама агенттік өкілдері қатысты.
Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында және Қызылорда облысының орыс халқының онкүндігіне орай Жыраулар үйінде ерекше кеш өтті. Бұл кеш – ақын Анар Ізденнің шығармашылығына арналды.