15 Ноя 2026, Вс

Қызылорда жаңалықтары

ҚҰРАҚ КӨРПЕДЕН ҚУАНЫШ ӨРГЕН ШЕБЕР

Жастайынан қолөнерге құмар болып өскен Айжамал Шағанбаева бүгінде өзінің сүйікті ісін кәсіпке айналдырып отыр. Балалық шағынан ине-жіпке жақын болып, әрбір матаның қиығын кәдеге жаратып үйренген ол қазір талайдың алғысын алып жүрген шебер. Үйінің бір бөлмесін шағын тігін шеберханасына айналдырып, түрлі түсті маталардан көрпе, жастық, сәндік бұйымдар тігеді.

ӨҢІРДЕГІ БЕТКЕ ҰСТАР БІЛІМ ОРДАСЫ

Білім – болашақтың іргетасы. Қазіргі таңда балалардың жан-жақты дамуы мен оқу үлгерімін арттыру мақсатында түрлі білім орталықтары жұмыс істейді. Солардың бірі – Қызылордадағы “Озат” оқу орталығы. Мұнда мектепке дейінгі және бастауыш сынып оқушыларына арналған әртүрлі бағыттағы курстар жүргізіледі. Толығырақ әріптесімнің бейнематериалында.

РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ЖАҢҒЫРТҚАН ОРТАЛЫҚ

Анаға тағзым» бірегей жобасы – мемлекет қайраткері Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен 2018 жылы Ақтөбе, 2021 жылы Тараз қалаларында бөй көтерген. Дәстүрлі мәдениетті жаңғыртып, әйелдер еңбегін дәріптеу және өнегелеуді діттеген өміршең идеяны аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев жалғап, оны кәсіпкер-меценат, «Парасат» орденінің иегері Марат Дүйсенбаев қолдап, 2023 жылы «Анаға тағзым» орталығы салтанатты түрде Сыр өңірінде көпшілікке есігін айқара ашты.

ӨРТТІҢ АЛДЫН АЛУ — БАСТЫ МАҚСАТ!

Төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері жарады. Өрт сөндірушілер Қызылорда қаласындағы әлеуметтік осал топтағы жандарға тегін мұржаларын тазартып, датчиктер орнатып берді. Мұнын барлығы жаңа жылу маусымда көмір қышқыл газынан улану жайттарын болдырмау мақсатында жасалып отыр. Су жаңа датчиктер арқылы тұрғындар өрттің бастау алғанын сезіп, дер кезінде әрекет ете алады.

ТЫҢ ЖОБАЛАР МЕН ЖАҢА ИДЕЯЛАРҒА ТОЛЫ ЖАСТАР

Инновациялар, тұрақтылық және болашақ! Қызылорда қаласында осы тақырыптарда интеллектуалды агрохакатон өтті. Іс-шара тұрақты даму, жасанды интеллект және автоматтандыру мәселелеріне арналып отыр. «Ауыл» партиясы мен «Acapedia» компаниясы бірлесіп ұйымдастырған марафон мектеп оқушылары, колледж және жоғарғы оқу орындарын біріктірді. Айта кетейік бұл шара еліміздің барлық өңірлерінде бір мезетте өтіп жатыр.

СЫР СПОРТЫНА ЖАҢА СЕРПІН

Қызылорда қаласының сол жағалауында заманауи үстел теннисі орталығы өз есігін айқара ашты. Жобаның іргетасы 2024 жылдың наурыз айында қаланып, облыстық бюджеттен 2,5 млрд теңге қарастырылды. Сонымен қатар, «Самрұқ-Қазына» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры 900 млн теңге көлемінде қосымша қаржыландырды. Бас мердігер – «Дәнекер» ЖШС.

ӨҢІРДЕГІ САПА МЕН СҰРАНЫС ҮНДЕСКЕН ӨНДІРІС

Қызылордада соңғы жылдары өндіріс саласы қарқын алып келеді. Соның бір айғағы – жергілікті ұсталардың қолынан шыққан “Сыр жиһазы” фабрикасының өнімдері. Ішкі нарықта сұранысқа ие отандық жиһаз түрлері бүгінде нарықтағы үздік тауар.

ІШЕК АУРУЛАРЫ ЖАЙЛЫ НЕ БІЛЕСІЗ?

Дәрігерлердің кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында шеберлік сағаты ұйымдастырылды. Астана қаласындағы Ұлттық медицина орталығының мамандары Қызылорданың ақ халаттыларына аутоиммундық, қабыну ауруларын диагностикалау мен емдеудің заманауи әдістерін паш етті. Жоғарғы санаттағы дәрігерлердің кеңесін тыңдауға тек қаладан емес аудан-ауылдардан медицина саласының қызметкерлері келді.

МЕКТЕПТІҢ МӘЗІРІ ЖАҚСАРДЫ

Тәтті тоқаштар мен сан түрлі тамақтар! Бұл мейрамхана емес Қызылорда қаласындағы қарапайым мектептердің ас мәзірі. Білім беру ұйымдарында жаңа тамақтану стандарты енгізілді. Оған сәйкес 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап Қазақстандағы барлық балабақша мен мектепте және колледждерде заманауи халықаралық салауатты тамақтану қағидаттарына негізделген. Жаңа үлгі Денсаулық сақтау, Оқу-ағарту министрлігі, Қазақ тағамтану академиясы, сондай-ақ халықаралық ұйымдар – ЮНИСЕФ және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымдарымен бірлесіп әзірленді.

СЫР ӨҢІРІНДЕГІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӨРЛЕУ

Қызылордадағы физика-математика бағытындағы «Білім-инновация» лицей-интернаты өз жұмысын бастағанына екі ай болды. Елдің әр өңірінен іріктелген ең дарынды оқушылар бүгінгі таңда терең білім алып, ғылым мен технология саласына алғашқы қадамдарын жасап келеді.