4 Ноя 2025, Вт

Қызылорда жаңалықтары

ОТМЕТИЛИ ДЕНЬ СПАСАТЕЛЯ

В Кызылорде состоялось торжественное мероприятие, посвященное  Дню спасателя и 30-летнему юбилею со дня образования Министерства по чрезвычайным ситуациям. В праздничном собрании приняли участие ветераны и сотрудники отрасли, члены их семей, а также руководство области. Подробности – в видеоматериале.

ҚҰТҚАРУШЫЛАР КҮНІ АТАП ӨТІЛДІ

Қызылордада «19-қазан – құтқарушылар күніне» және «Төтенше жағдайлар министрлігінің құрылғанына 30 жыл» толу мерейтойына арналған салтанатты шара өтті. Мерекелік жиынға сала ардагерлері мен қызметкерлері, олардың отбасы мүшелері және облыс басшылығы қатысты. Толығырақ тілші бейнематериалында.

ШИЕЛІНІҢ ЖАҢА, САПАЛЫ ЖОЛДАРЫ

Ауданның жолдары жаңарып, кеңейіп келеді. Қызылорда облысындағы Шиелі ауданында республикалық, облыстық және аудандық маңыздағы автомобиль жолдарын жөндеу жұмыстар тұрақты жүргізіліп отыр. Мердігер мекемелер нысандарды сапалы салып, белгіленген уақыттарында тапсыру үстінде. Мұндай өзгерістерге кент, ауыл тұрғындары дән риза.

ОТАҒА ЖАУАПТЫ ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

Қызылорда облысының көпбейінді ауруханасында анестезиолог-реаниматологтар бас қосты. Шараға өңірдің жеті ауданынан 85 дәрігерлер келді. Басты мақсат Алматы қаласынан келген мамандардың дәрісін тыңдау. Қызылорда облысындағы штаттан тыс бас реаниматолгтың айтуынша мұндай конференция көбіне елордада ғана өтеді екен. Сол себепті көп жағдайда өңірлердегі ақ халатты абзал жандар соңғы жетістіктер мен керек жаңалықтардан тыс қалып жатады. Жас мамандар үшін жұмыс өтілі жоғарғы дәрігерлерден ақыл-кеңес алып, тәжірибе алмасу маңызды шаруа дейді ұйымдастырушылар.

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫҢ ОРЫНДАЛУЫ ЖОҒАРҒЫ ДЕҢГЕЙДЕ!

Қызылорда облысындағы Шиелі ауданының барлық көрсеткіштері жыл сайын артып келеді. Сол себепті болар биыл Шиелі жеті ауданның ішінен үздік атанды. Мұндағы мемлекеттік бағдарламалардың орындалу тәртібі де ерекше. Дәлел ретінде «Ауыл аманаты» бағдарламасын айтуға болады.

ҚЫЗЫЛОРДАНЫҢ АСТАНА БОЛҒАНЫНА ЖҮЗ ЖЫЛ!

Қызылорданың астаналық кезеңі. Осы тақырыпта облыс әкімдігінде республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Жиынға облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, ҚР Парламентінің Сенат және Мәжіліс депутаттары қатысты. Сонымен қатар еліміздің басқа өңірлерінен арнайы қонақтар келді. Олардың арасында Алаш қозғалысының көрнекі өкілі, ұлт мүддесі үшін қызмет атқарған қоғам қайраткері Қоңырқожа Қожықовтың немересі де бар.

ҚЫЗЫЛОРДАНЫҢ АСТАНА БОЛҒАНЫНА ЖҮЗ ЖЫЛ!

Қызылорданың астаналық кезеңі. Осы тақырыпта облыс әкімдігінде республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Жиынға облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, ҚР Парламентінің Сенат және Мәжіліс депутаттары қатысты. Сонымен қатар еліміздің басқа өңірлерінен арнайы қонақтар келді. Олардың арасында Алаш қозғалысының көрнекі өкілі, ұлт мүддесі үшін қызмет атқарған қоғам қайраткері Қоңырқожа Қожықовтың немересі де бар.

ХАЛЫҚ ПАРТИЯСЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТКІЗДІ

Өрт қауіпсіздігін алдын алу бойынша қандай жұмыстар атқарылып жатыр? Қызылорда қаласында Қазақстан Халық партиясының ұйымдастырумен осы тақырыпта дөңгелек үстел өтті. Оған партиядан бөлек төтенше жағдай департаментінің мамандары мен пәтер иелері кооперативі қатысты. Жиында өңірдегі өрт жағдайының қазіргі ахуалына баға беру, негізгі мәселелері мен осал тұстары талқыланды.

АБАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ҚЫЗЫЛОРДАҒА СЫЙЫ

«Абай айтқан «Еңлік-Кебек» спекталі» спектаклі қызылордалықтарға алғаш рет паш етілді. Биыл Абай Құнанбаевтың 180-жылдығы тойланып жатыр. Бұл мерейлі дата Қызылорда қаласының ел астанасы болғанына жүз жыл болған мерейтойымен тұспа-тұс келген. Сол себепті Абай облысының қазақ музыкалық драма театры Сыр өңіріне келіп, халықты керемет әдеби қойылыммен таныстырды.