Бүгін Қызылорда қаласы Өнер орталығында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Республика күніне арналған салтанатты шара өтті. Оған басқарма және департамент басшылары, зиялы қауым өкілдері, облыстық мәслихат депутаттары және қала тұрғындары қатысты. Толығырақ бейнематериалда.
Қызылорда облысы Жалағаш ауданында бұқаралық спортты дамыту бағытында маңызды қадам жасалды. Аудан орталығындағы орталық стадион қайта жаңартылуда. Бұл жоба Қазақстан футбол федерациясы мен аудан әкімдігі арасындағы әріптестік меморандум аясында жүзеге асуда.
Қызылорда облысында егін жинау науқаны табысты аяқталып, дала еңбеккерлерінің адал еңбегі лайықты құрметке ие болды. Бүгін Өнер орталығында «Алтын күз-2025» салтанатты шарасы өтті. Шараға Қызылорда облысының әкімі, мемлекет және қоғам қайраткерлері, басқарма басшылары, сала ардагерлері, еңбек озаттары және шаруашылық өкілдері қатысты.
Қызылорда облысындағы Шиелі ауданының барлық көрсеткіштері жыл сайын артып келеді. Сол себепті болар биыл Шиелі жеті ауданның ішінен үздік атанды. Мұндағы мемлекеттік бағдарламалардың орындалу тәртібі де ерекше. Дәлел ретінде «Ауыл аманаты» бағдарламасын айтуға болады.
Столичный период Кызылорды. По этой теме в областном акимате состоялась республиканская научно-практическая конференция. В собрании приняли участия глава региона Нурлыбек Налибаев, депутаты Сената и Мажилиса Парламента Республики Казахстан. Кроме того, прибыли специалисты, гости из других регионов. Среди них внучка Коныркожи Кожикова, видного представителя движения Алаш, общественного деятеля служившего интересам нации.
Қызылорданың астаналық кезеңі. Осы тақырыпта облыс әкімдігінде республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Жиынға облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, ҚР Парламентінің Сенат және Мәжіліс депутаттары қатысты. Сонымен қатар еліміздің басқа өңірлерінен арнайы қонақтар келді. Олардың арасында Алаш қозғалысының көрнекі өкілі, ұлт мүддесі үшін қызмет атқарған қоғам қайраткері Қоңырқожа Қожықовтың немересі де бар.
Қызылорда соңғы жылдары көркейіп келеді. Облыс орталығынан әр түрлі, әсем ғимараттар салынып халық игіліне беріліп жатыр. Тек қала емес аудандарда да жетістіктер жетерлік. Сондай аудандардың бірі – Шиелі ауданы. Мұнда аллея орнату жұмыстары, ауласын көркейту бағытында тамшылатып суару жүйесімен газон егу, субұрқақ, заманауи жарық шамдары, орындықтар орнату жұмыстары қарқынды жабаттандыру жұмыстары жүргізілген. Тұрғындар аудан әкімдігінің жұмысына риза екендерін айтады.
По инициативе Управления общественного развития Кызылординской области прошел традиционный интеллектуальный конкурс «Этно quiz». Основная цель мероприятия – повышение национального духа среди государственных служащих, пропаганда национальных ценностей и укрепление партнерских связей.
Қызылорда облысы қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен дәстүрлі “Этно quiz” интеллектуалды сайысы өтті. Шараның негізгі мақсаты мемлекеттік қызметкерлер арасында ұлттық рухты көтеру, ұлттық құндылықтарды насихаттау және әріптестік байланысты нығайту.
В Кызылорда состоялись национальные конные скачки «Золотая осень – 2025». Традиционное масштабное соревнование в этом году было приурочено ко Дню города и 100-летию присвоения Кызылорде статуса столицы. В скачках приняли участие более семидесяти наездников из разных регионов страны, которые определили сильнейших в категориях «тай-байга» , «кунан-байга» и «аламан-байга» . Подробнее в видеоматериале.