Қалада баскетболдан Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды. Байрақты бәсекеге еліміздің түкпір-түкпірінен келген 81 команда қатысып, төрт жас ерекшелігі бойынша өзара мықтыны анықтайды. Жарыстың салтанатты ашылу рәсіміне спорт ардагерлері, сала мамандары мен жанкүйерлер қатысты.
«Ел іші – өнер кеніші» дәстүрлі қалалық өнер байқауы жалғасуда. Бұл жолы Қызылорда қаласына қарасты Белкөл кентінің өнерпаздары «Өнер тұнған Белкөлім» атты концерттік бағдарламасын көпшілік назарына ұсынды. Шара барысында ұлттық өнер дәріптеліп, мәдениет пен руханиятты насихаттауға басымдық берілді.
Қызылордадағы «Анаға тағзым» орталығында «Рух керуені» кешенді жобасының үш кезеңі қортындыланды. Жоба өңірдегі жеті ауданның «Руханият» орталықтары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға, ақпараттық саясатты жетілдіруге және мамандардың кәсіби біліктілігін арттыруға бағытталды.
Қоғамдық кеңестің кезекті отырысында тұрғындар қауіпсіздігі мен қоғамдық денсаулыққа қатысты маңызды мәселелер қаралды. Жиынға кеңес мүшелері, мемлекеттік мекеме басшылары, кент және ауылдық округ әкімдері қатысты.
Облыста заңсыз салынған нысандарды анықтау және олардың алдын алу бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес құрылған арнайы жұмыс тобы өңір аумағында тұрақты мониторинг жүргізіп келеді.
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында шаһарда «Сыр сүлейлері» аллеясында «Таза қала – ортақ жауапкершілік» атты тазалық шарасы өтті. Игі бастама қоршаған ортаның тазалығын сақтауға, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және тұрғындардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттыруға бағытталды.
Облыста газды қауіпсіз пайдалану мәселесіне арналған профилактикалық рейд ұйымдастырылды. Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мен Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының мамандары сұйытылған мұнай газын құю станцияларында және тұрмыстық газ баллондары қолданылатын нысандарда түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Облыста «Сыр болашағы» құзыреттілік орталығында «Қазақстанның үздік тауары – 2026» өңірлік көрме-конкурсы өтті. Облыс әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған шараға өңірдің 60-тан аса кәсіпкері қатысып, өз өнімдерін көпшілік назарына ұсынды.
«Ел іші – өнер кеніші» дәстүрлі өнер байқауы тағы бір шығармашылық кешпен жалғасты. Бұл жолы Қараөзек ауылдық клубының өнерпаздары сахна төрінде өнер көрсетіп, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.
Облыста мемлекеттік қызметтің тиімділігі мен ашықтығы артып келеді. Өңірде бүгінде 3219 мемлекеттік қызметші еңбек етеді. Олардың 95,3 пайызы жоғары білімді мамандар болса, 24,1 пайызы – жастар. Толығырақ тілшіміз айтып берсін.