Жібек жолы ауданында жаңа абаттандыру қағидалары түсіндірілуде. Аудан әкімі Қарлығаш Аралбекова шалғай Қарасу шағын ауданының тұрғындарымен арнайы кездесіп, тазалық пен тәртіпті сақтаудың маңыздылығын түсіндірді. Шараның басты мақсаты – қоршаған ортаны таза ұстап, тұрғындарға қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру.
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының өңірлік кезеңінде жеңімпаз атанған отбасыларды марапаттады. Өңір басшысы отбасы құндылықтарының қоғамдағы маңызына тоқталып, байқаудың берекелі шаңырақтарды дәріптеп, өнегелі отбасылардың тәжірибесін кеңінен насихаттауға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Жамбыл облысында білім саласы өкілдерінің басын қосқан облыстық тамыз конференциясы өтті. «Білім сапасы мен адами капитал: жаңа оқу жылындағы өңірлік басымдықтар» тақырыбындағы жиында білім саласының өткен оқу жылындағы жетістіктері сараланып, алдағы міндеттер айқындалды. Басқосуда өңір басшылығы мен Halyk Bank арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылып, аудандық білім бөлімдеріне 10 жаңа қызметтік автокөлік табысталды.
Популяризация национальных традиций и богатого наследия предков — главный залог укрепления нашей идентичности и патриотического духа. Сегодня немало тех, кто возрождает казахское достояние и превращает его в семейное благополучное дело. Яркий тому пример — семья Елеусиновых из села Актоган Меркенского района. О семье, которая как зеницу ока бережет переданное от предков ремесло и посвятила себя изготовлению национальных изделий, подробнее в материале.
Семья — это основная среда, где формируются воспитание ребенка и нравственные ценности. А ее прочность — важный залог стабильности общества. В Жамбылской области прошел областной этап республиканского конкурса «Семейные ценности и Конституция», объединивший этот принцип с правовой грамотностью. В конкурсе приняли участие 10 семей, прошедших отбор на районном этапе.
В Таразе прошел праздничный вечер «Jastar Fest-2026», приуроченный к Международному дню молодежи. Собравшуюся в парке Первого Президента молодежь поздравил аким города Бакытжан Орынбеков, вручив ряду активистов благодарственные письма и денежные сертификаты. Праздничное мероприятие продолжилось концертной программой.
В рамках поручений Главы государства по развитию спорта в селе Нурлыкент Жуалынского района Жамбылской области открыли новый спортивный комплекс. Современный объект позволит жителям села, особенно молодежи, регулярно заниматься спортом.
Отбасы – бала тәрбиесі мен адамгершілік құндылықтар қалыптасатын негізгі орта. Ал оның берік болуы қоғам тұрақтылығының маңызды кепілі. Жамбыл облысында осы ұстанымды құқықтық сауаттылықпен ұштастырған «Отбасылық құндылықтар және Конституция» республикалық конкурсының облыстық кезеңі өтті. Байқауға аудандық кезеңнен іріктелген 10 отбасы қатысты.
Ұлттық салт-дәстүр мен ата-бабамыздан жеткен асыл мұраны ұлықтау — ұлттық болмысымыз бен патриоттық рухымызды асқақтатудың басты кепілі. Бүгінде қазақы қазынаны қайта жаңғыртып, оны отбасылық берекелі кәсіпке айналдырған жандар аз емес. Меркі ауданы, Ақтоған ауылының тұрғындары Елеусіновтер отбасы — соның жарқын дәлелі. Атадан балаға дарыған қолөнерді көздің қарашығындай сақтап, ұлттық бұйымдар дайындауды серік еткен отбасы туралы әріптесім толығырақ баяндайды.
Таразда Халықаралық жастар күніне арналған «Jastar Fest-2026» мерекелік кеші өтті. «Тұңғыш Президент» саябағына жиналған жастарды қала әкімі Бақытжан Орынбеков құттықтап, бірқатар белсендіге алғыс хат пен қаржылай сертификат табыстады. Мерекелік шара концерттік бағдарламамен жалғасты.