15 Ноя 2026, Вс

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАСТАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ГАЛА-КОНЦЕРТ

Таразда Халықаралық жастар күніне арналған «Jastar Fest-2026» мерекелік кеші өтті. «Тұңғыш Президент» саябағына жиналған жастарды қала әкімі Бақытжан Орынбеков құттықтап, бірқатар белсендіге алғыс хат пен қаржылай сертификат табыстады. Мерекелік шара концерттік бағдарламамен жалғасты.