Отбасы – бала тәрбиесі мен адамгершілік құндылықтар қалыптасатын негізгі орта. Ал оның берік болуы қоғам тұрақтылығының маңызды кепілі. Жамбыл облысында осы ұстанымды құқықтық сауаттылықпен ұштастырған «Отбасылық құндылықтар және Конституция» республикалық конкурсының облыстық кезеңі өтті. Байқауға аудандық кезеңнен іріктелген 10 отбасы қатысты.
Ақпараттық порталы

