16 Ноя 2026, Пн

Жамбыл жаңалықтары

ШУ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ ЕСІРТКІ ЖИНАУ КЕЗІНДЕ ҰСТАЛДЫ

Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері Тасөткел ауылынан 8 километр жерден Шу ауданының тұрғынын есірткі өсімдігін жинау кезінде ұстады. Тергеу барысында ер адамның жанынан орақ және алдын ала жинап қойған жалпы салмағы 15 кг астам марихуана анықталды.

«ТАРАЗ» ФУТБОЛ КЛУБЫ ЖЕКЕШЕЛЕНДІРІЛЕДІ

Күні кеше Жамбыл облыстық мәслихатының ұйымдастыруымен маңызды жиын өтті. Күн тәртібіндегі басты мәселе – «Тараз» кәсіпқой футбол клубын коммерцияландыруға беру және жекешелендіру болды. Бұл шара Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру мақсатында ұйымдастырылды. Толығырақ алдағы бейнематериалда.

АДАЛДЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН НАСИХАТТАУҒА АРНАЛҒАН ФОРУМ

Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай, Жамбыл облысында білім беру саласы мен азаматтық қоғам үшін маңызды іс-шара өтті. «Адал білім – адал ұрпақ» деп аталған бұл форум адалдық құндылықтары мен академиялық адалдықты нығайтуға бағытталған.

БАЙЗАҚ АУДАНЫ: ИНФРАҚҰРЫЛЫМ МЕН ИНВЕСТИЦИЯ ҚАРҚЫНЫ

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Байзақ ауданының әкімі Олжас Баққараев аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы толық есеп берді. Брифингте Мемлекет Басшысының тапсырмаларын орындау және ауданға миллиардтаған жеке инвестицияларды тарту басты тақырып болды.

СУРДЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫНА ПӘТЕР СЕРТИФИКАТЫ ТАБЫСТАЛДЫ

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Токио қаласында 15-25 қараша аралығында өткен XXV жазғы Сурдлимпиада ойындарында ел мерейін асқақтатқан өңір спортшыларымен кездесті. Биылғы Сурдлимпиадада Қазақстан намысын 8 спорт түрі бойынша 78 спортшы қорғап, 8 алтын, 4 күміс және 13 қола медаль жеңіп алды. Жүлделер саны бойынша еліміз 81 мемлекеттің ішінде үздік ондықтан көрініп, 9-орынды иеленді.

ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАЛАРЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ

Жамбыл облысының барлық ауданында жолдарда балалар қауіпсіздігін арттыру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Әсіресе, қозғалысы көп көшелер мен автомобиль жолдарына жақын орналасқан мектептерге ерекше көңіл бөлінеді. Профилактикалық шаралар мектеп оқушыларына ерте жастан бастап қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін үйретуге және мектепке баратын жолда өздерін қорғауда екенін сезінуіне бағытталған

ЖАС САРБАЗДАРДЫ ШЫҢДАУ

Психологиялық тұрғыда шынығудан бастап, дененің шыдамдылығына дейін – барлық маңызды міндеттер әскери дайындық сабақтары өтетін полигонда жүзеге асады. Жаңа оқу кезеңінің басталуына шақырылушылар тек үйренісіп қана қоймай, шынымен де жоғары дайындықпен келді. «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының 5-механикаландырылған бригадасының жас сарбаздары үшін Айша Бибі полигонындағы ең маңызды сынақтардың бірі – бронетехникамен жүргізу болды.

МЕРКІЛІК КӘСІПКЕР ӨНДІРІСІН ҰЛҒАЙТТЫ

Мемлекет басшысы 2025 жылды Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялауына сәйкес, Меркі ауданында еңбек адамының кәсібін насихаттау бағытындағы іс-шаралар жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Осы бағытта ауданның еңбекқор азаматтарының бірі — Меркі ауылдық округінің тұрғыны, жеке кәсіпкер Салтанат Сыдықова. Ол қазіргі таңда жиһаздардың сыртқы корпусын әсемдеп, түрлі ою-өрнекпен безендіру жұмыстарын жүргізеді

«МЕКТЕПLIFE» – МЕДИА КЕҢІСТІКТІҢ БОЛАШАҚ КӨШБАСШЫЛАРЫ

№66 орта мектепте оқушылардың медиа сауаттылығын дамытуға бағытталған «МЕКТЕПLIFE» медиа жобасының ашылуы өтті. Шара «Адал азамат» бағдарламасы аясында ұйымдастырылып, оқушылардың шығармашылық қабілетін, ақпаратты талдау және медиа кеңістікте еркін жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруды көздейді. Жоба аясында оқушыларға репортаж жасау, бейнеролик түсіру, мәтін дайындау, подкаст жүргізу, зерттеу жасау сияқты кәсіби бағыттарды меңгеруге мүмкіндік беріледі.

ӨҢІР БАСШЫСЫ ҮЗДІК ПЕДАГОГТЕРДІ МАРАПАТТАДЫ

Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев өңірдің білім саласында үздік нәтиже көрсеткен педагогтармен кездесті. Аймақ басшысы мұғалімдерді кәсіби мерекелерімен және мемлекеттік марапаттарымен құттықтап, олардың қоғам дамуына қосқан еңбегін жоғары бағалады. Айта кету керек, биыл Жамбылда «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атағын иеленгендер саны артқан.