Психологиялық тұрғыда шынығудан бастап, дененің шыдамдылығына дейін – барлық маңызды міндеттер әскери дайындық сабақтары өтетін полигонда жүзеге асады. Жаңа оқу кезеңінің басталуына шақырылушылар тек үйренісіп қана қоймай, шынымен де жоғары дайындықпен келді. «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының 5-механикаландырылған бригадасының жас сарбаздары үшін Айша Бибі полигонындағы ең маңызды сынақтардың бірі – бронетехникамен жүргізу болды.

