16 Ноя 2026, Пн

Жамбыл жаңалықтары

ТАРАЗДА ВЕЛОЖАРЫС ӨТТІ

Тараз қаласында белгілі спортшы Дінмұхамед Ұлысбаевты еске алуға арналған республикалық веложарыс өтті. Байрақты додаға еліміздің бірнеше өңірінен жас спортшылар қатысып, өзара бақ сынады.

ПОЛИЦИЯ БАРЫСЫ – 2026

Таразда тәртіп сақшылары арасында ең мықты палуандар анықталуда. Бүгін Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Тараз-Арена» спорт кешенінде қазақ күресінен ІІМ чемпионаты мен «Полиция барысы – 2026» республикалық турнирінің салтанатты ашылуы өтті. Боз кілемге еліміздің барлық аймақтарынан келген погонды 300-ге жуық үздік атлет шықты. Толығырақ келесі сюжетте.

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАР КІТАБЫ КҮНІ

Кітап — білім бұлағы болса, ертегі — балалық шақтың басты құндылығы. 2 сәуір — Халықаралық балалар кітабы күніне орай Таразда «Ертегілер әлеміне саяхат» атты танымдық кеш өтті. Мұндағы басты мақсат — өскелең ұрпақтың кітапқа деген махаббатын оятып, оларды рухани байлыққа баулу.

«QAZMED» КӘСІПОДАҒЫНЫҢ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

Тараз қаласында «QazMed» медицина және онымен сабақтас салалар қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Жамбыл облыстық филиалының бірінші сайлау конференциясы өтті. Жиын қалалық көпбейінді аурухананың мәжіліс залында ұйымдастырылды

ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ XXXII СЕССИЯСЫ ӨТТІ

Тараз қаласында сегізінші шақырылған Жамбыл облыстық мәслихатының кезекті, отыз екінші сессиясы өтті. Мәжіліске облыс әкімі Ербол Қарашөкеев және облыстық мәслихат төрағасы Абдалы Нұралиев қатысты. Жиын барысында аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірнеше маңызды мәселе талқыланды. Күн тәртібіне сәйкес, алдымен жаңадан тағайындалған басшылар таныстырылды

ТЕМІРДЕЙ ТӘРТІП ПЕН ТАКТИКАЛЫҚ АЙЛА: КІМ МЫҚТЫ?

Бауыржан Момышұлы атындағы бесінші механикаландырылған бригаданың бөлімшелері Гвардейск гарнизонындағы «Матыбұлақ» полигонына оқу-жаттығуға қатысу үшін келді. Теміржол арқылы 500 шақырымға жуық жолды еңсерген Тараздық бригаданың мотоатқыштары полигонда өздерінің шартты қарсыластары — Сарыөзектегі штурмдық бригаданың әскери қызметшілерімен кездесті. «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының екі бригадасы көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу аясында ұрыс даласында бетпе-бет келмек.

ТАРАЗДА ИНФАҚҰРЫЛЫМ ЖАҢАРТЫЛЫП ЖАТЫР

Тараз қаласында жол жөндеу жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Қала дамуының басым бағыттарының бірі ретінде бұл салаға ерекше көңіл бөлінген. Соңғы үш жылда жүргізілген жұмыстар нәтижесінде қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 58,6 пайыздан 74,5 пайызға дейін артты. Ал асфальт төселмеген көшелердің үлесі айтарлықтай төмендеген. Толығырақ әріптесімнің бейнематериалында.

ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚПЕН КҮРЕС

Отбасы – мемлекеттің діңгегі. Күні кеше Тараз қаласында облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, ерекше балаларды әлеуметтендіру және нәзік жандылардың кәсіпкерлігін қолдау сияқты өзекті мәселелер көтерілді. Толығырақ келесі сюжетте.

УЧЕБНОЕ ПРОТИВОСТОЯНИЕ

Подразделения пятой механизированной бригады имени Бауыржана Момышулы прибыли для участия в учении на полигон Матыбулак в Гвардейском гарнзоне. Преодолев по жележной дороге почти 500 км пути, на полигоне мотострелки бригады из Тараза они встретились со своими условными противниками по учению – военнослужащими штурмовой бригады из Сарыозека. Двум бригадам Регионального командрвания «Юг» предстоит противостояние на поле боя в ходе многостепенного командно штабного учения.