Бауыржан Момышұлы атындағы бесінші механикаландырылған бригаданың бөлімшелері Гвардейск гарнизонындағы «Матыбұлақ» полигонына оқу-жаттығуға қатысу үшін келді. Теміржол арқылы 500 шақырымға жуық жолды еңсерген Тараздық бригаданың мотоатқыштары полигонда өздерінің шартты қарсыластары — Сарыөзектегі штурмдық бригаданың әскери қызметшілерімен кездесті. «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының екі бригадасы көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу аясында ұрыс даласында бетпе-бет келмек.

