Мүмкіндігі шектеулі жандардың күніне орай жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен Ы. Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйінде үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінде қызмет алушы балаларға «Өмір шуағы» атты мерекелік концерт ұйымдастырылды. Аталмыш күнді атап өтудің мақсаты — ерекше жандардың проблемаларына назар аударуға, олардың қадір-қасиетін, құқықтары мен амандығын қорғауға, қоғамның назарын арттыруға бағытталған.
Сіздің телеарнаңыз!