Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде дәстүрлі «AYU FEST – 2025» шарасы жоғары деңгейде өтті. Бұл мерекелік салтанат — жаңа оқу жылының шымылдығын ашып, 1-курс студенттерін ресми түрде қарсы алу дәстүрі. Биыл екі жарым мыңға жуық жас білімгер қасиетті Түркістан төріндегі білім ордасының студенті атанды. Мерекелік жиын факультеттер шеруімен жалғасып, думанды сәттерге ұласты.
