Жамбыл облысында діни тұрақтылықты сақтау және халыққа дұрыс діни ақпарат жеткізу бағытында жұмыстар жүргізілуде. Өңірдегі мешіттер тек құлшылық жасайтын орын емес, жамағатқа рухани тәрбие мен діни сауат беретін орталық ретінде де қызмет етеді. Соның бірі – Тараздағы ғасырдан астам тарихы бар Нәметбай мешіті.
«Қазақстан халық кеңесі» — қоғамды ұйыстыруға, бірлікті нығайтуға және өңірлердің үнін республикалық деңгейге тікелей жеткізуге бағытталған негізгі қоғамдық платформаға айналуда. Бүгін Жамбыл облысында кеңестің жергілікті тобы белсенді жұмыс кезеңіне ресми түрде кірісті. Өңірімізден Қазақстан халық кеңесінің құрамына 4 беделді өкіл енді. Оларға өңір тұрғындарының мүдделерін ілгерілету бойынша ауқымды әрі жауапты міндеттер жүктелген.
Жамбыл облысының әкімі Ербол Шырақбайұлының төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте өңірдегі тұрғын үй құрылысы, әлеуметтік пәтерлерді бөлу және жер кезегі мәселелері талқыланды. Биыл 2 мыңнан астам отбасы баспаналы болмақ. Алайда, құрылыс қарқынына, сатып алынған пәтерлердің сапасына және инфрақұрылымға қатысты шешімін күткен түйткілді мәселелер де жоқ емес. Толығырақ алдағы сюжетте.
Сіздерді 7 қазан күні сағат 14:00-ден 16:30-ға дейін «Достық үйінде» өтетін «Даму» қорының Ашық есік күніне шақырамыз! Іс-шара барысында бизнеске бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың шарттары бойынша толық ақпарат ала аласыздар. Сондай-ақ кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы, екінші деңгейлі банктер, «Атамекен» палатасы және кәсіпкерлікке қатысы бар мекемелердің мамандарынан тікелей кеңес ала аласыздар. Бұл – бизнесіңізге қатысты маңызды сұрақтарға бір жерде жауап алуға тамаша мүмкіндік!
Мекенжайы: Түркістан қаласы, Жаңа қала шағынауданы, 28-көше, №429, «Достық үйі».
Түркістанда ұлы ойшыл Абай мұрасын дәріптеуге арналған «Ұлы Абай – тағылым жалғастығы» атты танымдық-шығармашылық байқау өтті. Бұл рухани іс-шара қаланың Құрметті азаматы, филология ғылымдарының докторы, профессор Сейдулла Садықовтың 75 жылдық мерейтойына орайластырылған. Зияткерлік сайыс «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру» марафоны аясында ұйымдастырылып отыр.
Кентау қаласы Түркістан облысындағы өзіндік орны бар, маңызды қалалардың бірі. Өңірде әртүрлі салаларды дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Мәселен, күні кеше Кентау қаласының күніне орай өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы саласында еңбек етіп жүрген кәсіпкерлердің көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде жергілікті кәсіпкерлердің өндірістік тауарлары, ауыл шаруашылығы өнімдері мен дайын бұйымдары көпшілік назарына ұсынылды.
Түркістан облысы, Бәйдібек ауданында жаңа модульді спорт залы ашылды. «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен бой көтерген бұл нысан Теректі ауылының жастарына үлкен сый болды. Енді ауыл өрендері спорттың бірнеше түрімен шұғылданып, шеберліктерін шыңдауға толық мүмкіндік алды. Қуанышты сәтке біздің түсірілім тобы да куә болып қайтты.
Кәсіп бастауға ниет бар, ал оны жүзеге асыруға мүмкіндік керек. Кентауда өз ісін ашқысы келетін жастарға мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп келеді. Мансап орталығы азаматтарға грантқа қатысу тәртібін түсіндіріп қана қоймай, бизнес-жобасын дайындау мен құжаттарын рәсімдеуге дейін бағыт-бағдар беруде.
Кентау өңірінде кәсіпкерлік пен ауыл шаруашылығы саласында оң өзгерістер көп. Ауылдың ақ қаймағы, құрт-ірімшігі мен табиғи сүт өнімдері – дастарханның берекесі. Кентау қаласының күніне орай өткен көрмеде кәсіпкерлер осындай ұлттық әрі табиғи өнімдерін көпшілікке ұсынды. Солардың бірі – ауыл өнімдерін жинақтап, қала тұрғындарына ұсынып жүрген кәсіпкер Юлдуз Касимова. Толығырақ алдағы сюжеттен көріңіз.
Кентау қаласының күніне орай шаһарда мерекелік шара ұйымдастырылды. Тарихы терең, еңбек адамдары мен талай талантты түлеткен кеншілер қаласының айтулы күні көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Мерекелік шараға облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, қала әкімі Жандос Тасов, тұрғындар мен қала қонақтары қатысты.