Ұлттық код пен отбасылық құндылықтарды қазіргі заман талаптарымен ұштастыру – бүгінгі күннің басты талабы. Осы мақсатта Жібек жолы ауданындағы Баймырза Беспаев атындағы білім ордасында өскелең ұрпақ тәрбиесіне арналған айрықша жиын өтті. «Қазіргі заман қызы: ұлттық тәрбие мен заманауи көзқарас» атауымен ұйымдастырылған шара ардақты аналар мен ұстаздардың басын қосып, өзекті мәселелерді ортаға салған мазмұнды алаңға айналды.
Ақпараттық порталы

