Түркістанда есту қабілеті бұзылған балаларды оқыту мен тәрбиелеудің тиімді жолдарын жетілдіруге арналған тәжірибелік семинар өтті. Басқосуда сала мамандары өзара тәжірибе алмасып, ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс істеудің заманауи тәсілдерін талқылады. Сондай-ақ, сурдопедагогтердің кәсіби біліктілігін арттыру мен білім беру сапасын жақсарту мәселелеріне басымдық берілді.
Ақпараттық порталы

