15 Ноя 2026, Вс

ХАЛЫҚ КЕҢЕСІ — БІРЛІК БАСТАУЫ

«Қазақстан халық кеңесі» — қоғамды ұйыстыруға, бірлікті нығайтуға және өңірлердің үнін республикалық деңгейге тікелей жеткізуге бағытталған негізгі қоғамдық платформаға айналуда. Бүгін Жамбыл облысында кеңестің жергілікті тобы белсенді жұмыс кезеңіне ресми түрде кірісті. Өңірімізден Қазақстан халық кеңесінің құрамына 4 беделді өкіл енді. Оларға өңір тұрғындарының мүдделерін ілгерілету бойынша ауқымды әрі жауапты міндеттер жүктелген.