В преддверии Дня Республики в рамках общенациональной экологической акции «Таза Қазақстан» в жилом массиве «Кызылабад» города Тараза прошла масштабная акция по посадке деревьев. В благородном мероприятии, направленном на озеленение региона и охрану окружающей среды, приняли участие аким города Бакытжан Орынбеков, аким района Жибек Жолы Карлыгаш Аралбекова, а также ветераны, молодёжь, представители областных управлений и городских отделов.
Аким Жамбылской области Ербол Карашукеев с рабочей поездкой посетил Меркенский район и встретился с местными жителями. На встрече, прошедшей в свободном формате, глава региона остановился на проделанной в районе работе. Жители смогли напрямую задать волнующие их вопросы и получить конкретные ответы от ответственных специалистов. Все поднятые предложения и замечания были внесены в протокол и взяты на контроль.
АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Әлем чемпионатында еліміздің көк байрағын желбіретіп, топ жарған жамбылдық балуан Юсуф Ашрапов туған жерге оралды. Әлемдік додада қарсылас шақ келтірмеген саңлақты Тараз қаласының халықаралық әуежайында туған-туыстары, спорт сүйер қауым және жанкүйерлері ерекше ықыласпен, зор қошеметпен қарсы алды. Толығырақ әріптесім тарқатады.
19 қазан – Қазақстанда Құтқарушылар күні. Бұл – төтенше жағдай кезінде адам өмірін сақтап, қиын сәтте көмекке келетін мамандардың кәсіби мерекесі. Мереке қарсаңында түсірілім тобы күн сайын қауіп-қатерге қарамастан қызмет атқаратын мамандардың жұмыс барысын көріп қайтты. Назарларыңызға апаттар медицинасы орталығы дәрігерлері мен өрт сөндірушілердің бір күндік қызметін ұсынамыз.
Республика күні қарсаңында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Тараз қаласындағы «Қызылабад» тұрғын алабында ауқымды ағаш отырғызу шарасы өтті. Өңірдің табиғатын түлетіп, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған игі шараға қала әкімі Бақытжан Орынбеков, Жібек жолы ауданының әкімі Қарлығаш Аралбекова, ардагерлер, жастар және облыстық басқармалар мен қалалық бөлімдердің өкілдері қатысты.
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Меркі ауданына жұмыс сапарымен барып, аудан тұрғындармен кездесті. Еркін форматта өткен басқосуда аймақ басшысы ауданда атқарылған жұмыстарға тоқталды. Тұрғындар көкейінде жүрген сауалдарын тікелей қойып, жауапты мамандардан нақты жауап алды. Барлық көтерілген ұсыныс-пікірлер хаттамаға енгізіліп, бақылауға алынды.
Бәйдібек ауданында қоғамдық мәселелерді ашық талқылау, тұрғындардың ұсыныс-пікірін тыңдау және азаматтық белсенділікті арттыру мақсатында «Парасат» пікірталас клубының алғашқы отырысы өтті.
Спорт салауатты өмір салтының негізі ғана емес, жас ұрпақтың бойына тәртіп пен табандылықты қалыптастыратын үлкен мектеп. Әсіресе, баланың бала кезінен спортқа қызығушылығын арттырып, оның қабілетін шыңдау болашаққа жасалған маңызды қадам. Қазіргі тағда жасөспірімдердің бос уақытын тиімді өткізіп, өз мүмкіндігін сынауына жағдай жасап отырған білім ордаларының бірі жайлы толығырақ алдағы сюжетте.
Кітапхана – білім мен мәдениеттің, руханият пен тағылымның тоғысқан мекені. Шалдар ауылындағы кітапхана тұрғындарға сапалы қызмет көрсетіп, оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығын арттыруға бағытталған түрлі іс-шаралар ұйымдастырып келеді. Мұнда жас оқырмандардан бастап, аға буын өкілдеріне дейін өзіне қажетті әдебиетті тауып, білімін толықтыра алады. Толығырақ алдағы сюжетте.