16 Ноя 2026, Пн

Adil

УШУДАН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

Таразда жастар мен жасөспірімдер арасында ушу спортынан Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды. Ел біріншілігіне еліміздің 16 өңірінен 600-ге жуық спортшы қатысып жатыр. Үш күнге жоспарланған жарыста қатысушылар өзара мықтыны анықтайды. Чемпионаттың салтанатты ашылу рәсіміне облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлесов қатысты.

САНАЛЫ ТАҢДАУ МЕН САЛАУАТТЫ ӨМІР

Бәйдібек ауданында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында «Есірткісіз болашақ» атты профилактикалық кездесу өтті. Жиынға аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері, прокуратура өкілдері, аудан әкімдігінің жауапты мамандары мен жастар қатысты. Басқосудың негізгі мақсаты – есірткінің зияны туралы түсіндіру, жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру және салауатты өмір салтын насихаттау.

4 ЕЛДІ МЕКЕННІҢ СУ ЖҮЙЕСІ ЖАҢАРТЫЛУДА

Бәйдібек ауданында ауызсу инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров ауданға жұмыс сапары барысында бірқатар су нысанын аралап, құрылыс барысымен танысты. Атап айтқанда, төрт елді мекенді қамтитын су құбыры мен тазарту қондырғысының құрылысы және «Комсомол» каналының қазіргі жағдайы қаралды. Өңір басшысы жауапты мамандарға құрылыс сапасын қатаң бақылап, су жүйелерін белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.

ЕСІРТКІСІЗ БОЛАШАҚ — ЖАРҚЫН ӨМІР КЕПІЛІ

Есірткіге қарсы күрес – қоғам алдындағы ортақ міндет. Әсіресе жас ұрпақтың денсаулығы мен қауіпсіздігін қорғау, олардың арасында салауатты өмір салтын насихаттау маңызды. Осы мақсатта Түркістан қаласында «Есірткісіз өмір – жарқын болашақ» тақырыбында жастармен ауқымды кездесу өтті. Жиынға қала әкімдігі мен құқық қорғау органдарының өкілдері, сондай-ақ 500-ден астам мектеп оқушысы мен колледж студенті қатысты.

ТЕОЛОГИЯЛЫҚ ОҢАЛТУ МАМАНДАРЫ БАС ҚОСТЫ

Бүгін Түркістан қаласында теологиялық оңалту саласының мамандарына арналған республикалық семинар-тренинг өтуде. Екі күнге жоспарланған шарада сала мамандары тәжірибе алмасып, оңалту жұмысының тиімді әдістерін талқылады.
Толығырақ алдағы сюжетте!

ТАРАЗ ҚАНТ ЗАУЫТЫНДА ЖҰМЫС ҚАРҚЫНДЫ

Өңірдегі ауыл шаруашылығы саласының қарқынды дамуы мен маңызды инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысы тұрақты назарда. Мемлекет тарапынан қолдау тауып, қайта жаңғыртылған стратегиялық маңызы бар кәсіпорындардың бірі – Жібек жолы ауданында орналасқан «Тараз Қант зауыты». Аталмыш өндіріс орны қазіргі таңда диқандардың еңбегін ақтап, өңір экономикасына зор серпін беруде. Ел игілігі үшін атқарылып жатқан ауқымды жұмыстар мен өнім қабылдау науқанының барысы туралы аладғы сюжетте.

МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ САПАСЫ АРТУДА

Жамбыл облысында денсаулық сақтау саласын дамыту бағытында жаңа қадам жасалды. Атап айтсақ, Тараз қаласында облыс бойынша алғашқы Құзыреттілік орталығы ашылды. Енді созылмалы және сирек кездесетін ауруларға шалдыққан науқастар мамандандырылған медициналық көмекті бір орталықтан ала алады.

МАҚТА ӨҢДЕУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ІРІ ЖОБА

Түркістан облысында өнеркәсіп саласын дамыту және ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Осы мақсатта Бәйдібек ауданында жаңа өндіріс орны бой көтеріп жатыр. Өңір басшысы Нұралхан Көшеровтің ауданға жұмыс сапары Бөген ауылдық округіндегі «J&B AGRO GROUP 2025» серіктестігінің мақта өңдеу зауытының құрылысымен танысудан басталды. Құны 2 миллиард 400 миллион теңгені құрайтын жоба іске қосылғанда, аудан экономикасына серпін беріп, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу көлемін арттыруға мүмкіндік береді.

ТҰРҒЫНДАР ТІЛЕГІ — БАСТЫ НАЗАРДА

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің Бәйдібек ауданына жұмыс сапары аясында жергілікті тұрғындармен кездесуі өтті. Жиында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, инфрақұрылым, жол, ауызсу, ауыл шаруашылығы, жұмыспен қамту және өзге де өзекті мәселелер талқыланды. Кездесу барысында тұрғындар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, ұсыныс-пікірлерін жеткізді. Өңір басшысы көтерілген мәселелерге қатысты жауап беріп, жауапты басқармалар мен аудан басшылығына нақты тапсырмалар жүктеді.