Бүгін Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық университетінде «Заң тәртіп және мәдениет: тәрбиелі ұрпақ қалыптастырудағы ата-ананың рөлі» тақырыбында ғылыми конференция өтті. Іс-шараны Жамбыл облысы әкімдігі, Жамбыл облыстық Полиция департаменті және «Ауыл» партиясының Жамбыл облысы бойынша өңірлік филиалы ұйымдастырды. Конференцияға қалалық емханалардың патронаттық медбикелері, психологтар, сондай-ақ Жамбыл облыстық Полиция департаментінің Отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімінің инспекторлары қатысты.