7 Июн 2025, Сб

ӘСКЕРИ ТЕХНИКАНЫ ЖӨНДЕЙТІН ОРТАЛЫҚ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты жөндеу-қалпына келтіру бөлімшесінің құрамында жақында ғана өндіріске енгізілген брондалған және автомобиль техникасын жөндеу шеберханасы толық қуатында жұмысын бастады. Бұл туралы әскери мамандар мәлімдеді.