28 Ноя 2026, Сб

ЖАҢҒЫРТЫЛҒАН «ЖІБЕК ЖОЛЫ» КЕДЕН БЕКЕТІ АШЫЛДЫ

Түркістан облысында Қазақстан мен Өзбекстанды байланыстыратын «Жібек жолы» кеден бекеті жаңғыртудан кейін қайта жұмысын бастады. Салтанатты ашылу рәсіміне екі елдің ресми делегациялары, министрлер мен өңір басшылары қатысты. Бұл – Мемлекет басшысының 2027 жылдың соңына дейін барлық автомобиль өткізу бекеттерін жаңғырту жөніндегі тапсырмасы аясында жүзеге асқан маңызды жобалардың бірі.