Түркістанның бай тарихы мен мәдени мұрасын танытатын «Мәңгілік және әрқашан жаңа Түркістан» атты кітап-альбомның таныстырылымының екінші күні жалғасуда. Халықаралық «Мәдениеттер диалогы – 2026» симпозиумы аясында өткен шара Конгресс-холл кешенінде ұйымдастырылды. Қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде жарық көрген басылымда қасиетті қаланың тарихына қатысты сирек деректер, архив құжаттары мен 300-ге жуық иллюстрация топтастырылған.
Ақпараттық порталы

