Түркістан облысында Қазақстан мен Өзбекстанды байланыстыратын «Жібек жолы» кеден бекеті жаңғыртудан кейін қайта жұмысын бастады. Салтанатты ашылу рәсіміне екі елдің ресми делегациялары, министрлер мен өңір басшылары қатысты. Бұл – Мемлекет басшысының 2027 жылдың соңына дейін барлық автомобиль өткізу бекеттерін жаңғырту жөніндегі тапсырмасы аясында жүзеге асқан маңызды жобалардың бірі.
Ақпараттық порталы

