Түркістан облысында ерекше күтімді қажет ететін балалардың тілектерін орындауға бағытталған «Армандар орындалады» әлеуметтік жобасы жалғасуда. 2022 жылы бастау алған игі бастама төрт жыл ішінде 1113 баланың арманын жүзеге асыруға себеп болды. Жобаның басты мақсаты – балаларға психологиялық қолдау көрсетіп, өзіне деген сенімін арттыру және бойындағы қабілеттерін дамытуға мүмкіндік беру.
Ақпараттық порталы

