15 Ноя 2026, Вс

МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ САПАСЫ АРТУДА

Жамбыл облысында денсаулық сақтау саласын дамыту бағытында жаңа қадам жасалды. Атап айтсақ, Тараз қаласында облыс бойынша алғашқы Құзыреттілік орталығы ашылды. Енді созылмалы және сирек кездесетін ауруларға шалдыққан науқастар мамандандырылған медициналық көмекті бір орталықтан ала алады.