15 Ноя 2026, Вс

ЕРІКТІЛЕР ҚАЛА ТАЗАЛЫҒЫНА ҮЛЕС ҚОСУДА

Таразда еріктілер «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына өз үлестерін қосуда. Олар көшелерді қоқыстан тазартып, қаланы көгалдандыруға қатысады. Бұл — еріктілер үшін бір реттік бастама ғана емес, туған өлкемізді абаттандыруға жеке үлес қосу мүмкіндігі. Белсенді қатысушылардың қатарында Ерболат Мырзаберген де бар. Ол экологиялық шараларға тұрақты түрде қатысып, қала тұрғындарын шет қалмауға шақырады.