15 Ноя 2026, Вс

ТАЗА ҚАЛА – ТӘРТІПТЕН БАСТАЛАДЫ

Туған қаланың келбеті мен ажары – бәрінен бұрын әрбір тұрғынның жауапкершілігіне тікелей байланысты. «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Жібек жолы ауданында жүргізілген рейд жұмыстары бұл жолы №2 аумақтық округте жалғасын тапты. Сала мамандары тұрғындарды үй маңындағы аумақты таза ұстау қағидаларын сақтауға үндеді.