15 Ноя 2026, Вс

ҮЗДІК АУЛАЛАР МЕН КӨШЕЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ

Туған жердің тазалығы мен көркейюіне сүбелі үлес қосып жүргендер елеусіз қалмады. «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Жібек жолы ауданында ұйымдастырылған «Үлгілі аула – Таза көше» байқауының қорытындысы жарияланды. Тартымды сайыс барысында айналасын ретке келтіріп, ортақ тәртіпке үлгі болған аулалар мен көшелер анықталды.