15 Ноя 2026, Вс

КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ – БАСТЫ НАЗАРДА

Шағын және орта бизнестің дамуы өнім сапасына ғана емес, қаржыны тиімді басқаруға да тікелей байланысты. Отандық кәсіпкерлерді қолдау мақсатында елімізде түрлі мемлекеттік бағдарламалар мен қаржыландыру тетіктері қарастырылған. Соның бірі – «Даму» қорының қолдауы. Қор кәсіпкерлердің банктік несиеге қол жеткізуіне көмектесіп, пайыздық мөлшерлемені субсидиялау және кепілдік беру арқылы бизнестің дамуына мүмкіндік жасайды.