Қоғамдағы тұрақтылық пен татулық – ел дамуының басты негізі. Ал өзара құрмет пен түсіністік қалыптастыру әр азаматтың жауапкершілігінен басталады. Осы бағытта Тараз қаласындағы Достық үйінде қоғамдық келісім мәдениетін нығайтуға арналған сараптамалық кездесу өтті. Жиынға мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың, білім беру саласының өкілдері қатысты. Басқосуда тілдік және этностық белгілер бойынша кемсітушіліктің алдын алу, ақпараттық кеңістіктегі жауапкершілік пен қоғамдағы өзара сыйластық мәселелері талқыланды.
Ақпараттық порталы

