15 Ноя 2026, Вс

ТАЗАЛЫҚ – ТӘРТІПТЕН БАСТАЛАДЫ

Тазалық – ортақ тәртіп пен мәдениеттің айнасы. «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Тараз қаласында жүйелі рейдтік шаралар қарқынды жалғасуда. Бұл жолы №4 аумақтық округке қарасты Барысхан алабында арнайы тексеру ұйымдастырылып, учаскелік полиция инспекторлары мен жауапты мамандар тұрғындарға үй ауласының сыртқы тазалығын сақтау бойынша заң талаптарын түсіндірді.