15 Ноя 2026, Вс

ОТАНДЫҚ КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ МҮМКІНДІГІН КЕҢЕЙТУ

Қазақстанның табиғи байлығы ел экономикасының негізгі тіректерінің бірі. Алайда Мемлекет басшысы шикізатты сыртқа сатумен шектелмей, оны еліміздің өзінде өңдеп, дайын өнім өндіруге басымдық беру қажеттігін атап өтті. Бұл – отандық өнеркәсіпті дамытып, экономиканың әлеуетін арттыруға бағытталған маңызды міндет. Президенттің «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауындағы осы басымдықтар Тараз металлургиялық зауытында өткен жиында талқыланды.