Қырғызстанның Ош қаласында өткен халықаралық турнирде қазақстандық жас боксшылар үш чемпиондық белбеуді иеленді. Оның екеуі Жамбыл облысының намысын қорғаған өрендердің еншісінде. Шаршы алаңда қарсыластарынан басым түскен Ислам Сулейманоглы мен Ақжүрек Жұмақұл ел қоржынына жеңіс сыйлап, туған жерінің абыройын асқақтатты.
Ақпараттық порталы

