15 Ноя 2026, Вс

«ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАТЫ АЯСЫНДА ФУТБОЛ ЖАРЫСЫ ӨТТІ

Түркістан қаласында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында футбол жарысы өтті. Түркістан облыстық прокуратурасының ұйымдастыруымен өткен спорттық шараның мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту және өскелең ұрпақты құқық бұзушылықтан аулақ болуға шақыру. Жарысқа қатысушылар алаңда өзара бақ сынап, командалық ойын мен шеберліктерін көрсетті.