15 Ноя 2026, Вс

ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ – ТҰРАҚТЫ БИЗНЕСТІҢ НЕГІЗІ

Қаржылық сауаттылық — бизнесті тұрақты жүргізудің басты кепілі. Мемлекеттік қолдауды шебер пайдаланып, несие қаражатын оңтайлы бағыттай білген кәсіпорындар өндірісті кеңейтіп, жұмыс орындарын сақтап келеді. Осы орайда «Даму» қорының өңірлік филиалы БАҚ өкілдеріне арнап баспасөз турын ұйымдастырды. Журналистер аймақтағы үш ірі өндіріс орнын аралап, мемлекеттік бағдарламалардың нақты нәтижесіне куә болды.