15 Ноя 2026, Вс

КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ 316 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ ҚАРЫЗЫ КЕШІРІЛДІ

Қазақстанда жаңа Салық кодексі күшіне еніп, бизнес өкілдері үшін үлкен жеңілдіктерге жол ашылды. Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті өкілдері салықтық әкімшілендірудің оң нәтижелерін жариялады. Ең басты қуанышты жаңалық – «таза парақ» тетігі мен жаңа ережелердің арқасында өңірдегі кәсіпкерлердің жүздеген миллион теңгелік өсімпұлдары мен айыппұлдары есептен шығарылды!