15 Ноя 2026, Вс

ТҰРҒЫНДАРҒА ТАЗАЛЫҚ ТАЛАБЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

Тазалық – ортақ тәртіптен басталады. «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Тараз қаласында жүйелі рейдтік шаралар жалғасуда. Бұл жолы Жібек жолы ауданында ұйымдастырылған тексеру барысында учаскелік полиция инспекторлары мен жауапты мамандар тұрғындарға үй ауласының сыртқы тазалығына қатысты заң талаптарын түсіндірді.