15 Ноя 2026, Вс

ЖУАЛЫДА ТЕМІРЖОЛ АРҚЫЛЫ ӨТЕТІН АВТОЖОЛ ӨТКЕЛІ АШЫЛДЫ

Жуалы ауданында теміржол арқылы өтетін автожол өткелінің ашылу рәсімі өтті. Салтанатты шараға облыс әкімі Ербол Қарашөкеев, Халық қаһарманы Бақытжан Ертаев және Қазақстанның Еңбек Ері Мұқаш Ескендіров қатысты. Ербол Қарашөкеев Жуалы жұртшылығын ұлттық мереке – Республика күнімен құттықтап, Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында өңірде автомобиль жолдарын жөндеу және жаңарту жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп жатқанын атап өтті.